Қызметкерлер Серіктестер Клиенттер Пікірлер
Жаңа семинарлар
Арнайы ұсыныстар

Біздің жетістіктер
Пайдалы сілтемелер
Cайт Президента РК Сайт Правительства РК Cайт государственных закупок


Студия Style Яндекс.Метрика

Қош келдіңіздер, құрметті достар!

Қазіргі XXI ғасырда Ф.Бэконның «Білім-бұл күш» деген қанатты сөзі өз өзектілігін дәлелдеуде.

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

   Сіздердің алдарыңызға жас та болса, болашағы кемел «Іскер» Кәсіпкерлік Академиясының ресми сайтын (ғаламтордағы үнпарағын) таныстырғаныма қуаныштымын.
  Электронды парақшаларда ғаламтор пайдаланушыларына арналған қызықты мағлұматтар, біздің Академия туралы материалдар, болатын семинарлар туралы ақпараттар жарияланады.
  Гүлденген Қазақстанның ғылыми ортасында біздің Академия көшбасшылар санатына еніп, бәсекелестікке қабілетті болу үшін белсенді жұмыс жасаудамыз.

  Сіздерге, Құрметпен, «Іскер» Бизнес Академиясының директоры , техника ғылымдарының кандидаты, ИХА корреспондент мүшесі А. Бекенова

Жаңалықтар

03.10.2014 Мейрам құтты болсын!
Құрметті тындаушылар!
         Баршаңызды  мұсылманның ең қасиетті мейрамы-Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз!
         Құрбан айт - бірлік, бейбітшілік және Алла алдындағы теңдік мейрамы!
         Құрбан айт қабыл болсын! Алла сенімімізді күшейтіп нұрын жаудырсын, ниеттеріңіз Аллаға жетіп, мүбарак болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, иманымыз берік болсын! подробно...

17.06.2014 Жобаның сәтті аяқталуы
«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің (бұнан әрі-Партия) тапсырысымен «Іскер» бизнес академиясы Партияның жылжымайтын мүлігін жалға беру бойынша әдістемелік ұсынымдарын сәтті түрде дайындап шықты, сонымен қатар Партияның аймақтық және территориялық  бөлімшелерінің кеңсе ғимараттарына маркетингтік талдау жасады.
Зерттеу барысында Партия ғимаратының сыныптамасы, Партияның барлық    ғимараттарының сапалық сипаттамаларына талдау жасалынды. Дайындалған әдістемелік ұсыныстар жылжымайьын мүлікті жалға беру бойынша  маркетингтік, экономикалық, заңи аспектілерді қамтиды. подробно...

21.05.2014 VII Астаналық экономикалық форум
VII Астаналық экономикалық форум аясында Академия басшылығы мен бизнесті дамытудың Халықаралық Альянс басшылығы арасында іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында  Еvent және корме индустрия облысының мамандарын дайындау туралы  ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. подробно...

22.01.2014 Еуразиялық Ивент Форумға (EFEA 2014) қатысу

              «Іскер» бизнес академиясының басшылығы 2014 жылдың 22-24 қаңтар аралығында РФ-ның Сауда-Өндірістік палатасының қолдауымен “ПетроКонгресс” КО (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы) өтетін Еуразиялық Ивент Форумға (EFEA 2014) қатысып, «Көрме индустриясының кадрларын дайындау мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасайды.
EFEA-халықаралық байланысты орнатуға, тәжірибе мен инновация алмасуға, инвестиция тартуға, мүмкіндік беретін Санкт-Петербург, ел аумақтарының, шет елдердің индустриалды кәсіби бизнес алаңын құру үшін арналған коммуникация алаңы.
Еуразиялық Ивент Форум мақсаты-қазіргі жағдай және әлемдік деңгейде кәсіби мамандардан конгресс-көрме саласының даму болашағы туралы маңызды ақпарат алу, сонымен қатар іскерлік байланыс шеңберін ұлғайту.
Аталған шара өз алаңында Ресей Федерациясының көптеген аумақтарынан және 20-дан аса әлем елдерінен, атап айтқанда, Ұлыбритания, Франция, Германия, Таиланд, Бельгия, Венгрия, АҚШ, Польша, Австрия, Қазастан және басқа да елдер кездесу индустриясының мамандарын біріктіреді.  
подробно...

12.12.2013 Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың дипломымен марапаттауы

2013 жылдың 12 желтоқсан күнінде "Іскер" бизнес академиясы Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың "Үздік әлеуметтік серіктес" конкурсының "Жұмыссыз азаматтарды даярлау, қайта даярлауды және біліктілігін жоғарылатуды жүргізетін үздік білім беру ұйымы" номинициясына қатысқаны бойынша дипломымен марапатталды
подробно...