СЕМИНАРЛАР ГЕОГРАФИЯСЫ

Студия Style

Яндекс.Метрика

Жобаға қатысу

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ» ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАП ЗЕРТТЕУ

2012 жылдың 28 қырқүйегінде «Іскер» Кәсіпкерлік Академиясы «техникалық және кәсіптік білімді модернизациялау» жобасының аясында техникалық және кәсіптік білімді басқару жүйесін талдап,зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен келісімшарт жасасты.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы мен Халықаралық банктің 2010 жылғы 24 қарашадағы келісімі негізінде жүзеге асады.

Зерттеудің мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру тетіктерін табу және жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны – техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесі.

Зерттеу пәні – техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің тиімді моделдерін құрастыру.

Аталған жоба аясында қойылған мақсаттарғы қолжеткізу үшін төмендегі міндеттерді орындау қажет:

1. Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің қазіргі ақуалын анықтау, техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің барлық деңгейіндегі мәселелерді, әлсіз тұстарды, қарама-қайшылықтарды табу.

2. Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің тиімділік көрсеткіші мен зерттеу деңгейлері бойынша өз-өзінің баламалы бағалауын анықтау.

3. Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің құрылымдық тиімділігі саласында отандық және халықаралық тәжірибені талдап, даярлау.

4. Білім беруді басқарудың барлық деңгейін қамтитын (республикалық, аймақтық және желілік) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйесінің тиімділігін үлгі етіп жасап шығару.

5. техникалық және кәсіптік білім беруді басқарудың тиімді жүйесінің үлгісін тәжірибеген ендіру бойынша әдістемелік нұсқаушыларды құрастыру.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2012 жылдың 28 қыркүйегі мен 31 желтоқсан аралығы