СЕМИНАРЛАР ГЕОГРАФИЯСЫ

Студия Style

Яндекс.Метрика

Жаңалықтар

03.10.2014 Мейрам құтты болсын!
Құрметті тындаушылар!
         Баршаңызды  мұсылманның ең қасиетті мейрамы-Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз!
         Құрбан айт - бірлік, бейбітшілік және Алла алдындағы теңдік мейрамы!
         Құрбан айт қабыл болсын! Алла сенімімізді күшейтіп нұрын жаудырсын, ниеттеріңіз Аллаға жетіп, мүбарак болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, иманымыз берік болсын!

17.06.2014 Жобаның сәтті аяқталуы
«Нұр Отан» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің (бұнан әрі-Партия) тапсырысымен «Іскер» бизнес академиясы Партияның жылжымайтын мүлігін жалға беру бойынша әдістемелік ұсынымдарын сәтті түрде дайындап шықты, сонымен қатар Партияның аймақтық және территориялық  бөлімшелерінің кеңсе ғимараттарына маркетингтік талдау жасады.
Зерттеу барысында Партия ғимаратының сыныптамасы, Партияның барлық    ғимараттарының сапалық сипаттамаларына талдау жасалынды. Дайындалған әдістемелік ұсыныстар жылжымайьын мүлікті жалға беру бойынша  маркетингтік, экономикалық, заңи аспектілерді қамтиды.

21.05.2014 VII Астаналық экономикалық форум
VII Астаналық экономикалық форум аясында Академия басшылығы мен бизнесті дамытудың Халықаралық Альянс басшылығы арасында іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында  Еvent және корме индустрия облысының мамандарын дайындау туралы  ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

22.01.2014 Еуразиялық Ивент Форумға (EFEA 2014) қатысу

              «Іскер» бизнес академиясының басшылығы 2014 жылдың 22-24 қаңтар аралығында РФ-ның Сауда-Өндірістік палатасының қолдауымен “ПетроКонгресс” КО (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы) өтетін Еуразиялық Ивент Форумға (EFEA 2014) қатысып, «Көрме индустриясының кадрларын дайындау мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасайды.
EFEA-халықаралық байланысты орнатуға, тәжірибе мен инновация алмасуға, инвестиция тартуға, мүмкіндік беретін Санкт-Петербург, ел аумақтарының, шет елдердің индустриалды кәсіби бизнес алаңын құру үшін арналған коммуникация алаңы.
Еуразиялық Ивент Форум мақсаты-қазіргі жағдай және әлемдік деңгейде кәсіби мамандардан конгресс-көрме саласының даму болашағы туралы маңызды ақпарат алу, сонымен қатар іскерлік байланыс шеңберін ұлғайту.
Аталған шара өз алаңында Ресей Федерациясының көптеген аумақтарынан және 20-дан аса әлем елдерінен, атап айтқанда, Ұлыбритания, Франция, Германия, Таиланд, Бельгия, Венгрия, АҚШ, Польша, Австрия, Қазастан және басқа да елдер кездесу индустриясының мамандарын біріктіреді.  

12.12.2013 Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың дипломымен марапаттауы

2013 жылдың 12 желтоқсан күнінде "Іскер" бизнес академиясы Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың "Үздік әлеуметтік серіктес" конкурсының "Жұмыссыз азаматтарды даярлау, қайта даярлауды және біліктілігін жоғарылатуды жүргізетін үздік білім беру ұйымы" номинициясына қатысқаны бойынша дипломымен марапатталды

29.11.2013 «Тіл орталықтарын аккредиттеу: бүгіні мен болашағы» республикалық семинары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесі әдіснамасының» жобасын әзірледі.

20.11.2013 «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасын әзірлеу» жобасы аясында атқарылған жұмысқа оң сараптамалық қорытынды берілуі

20 қараша 2013 жылы Академияда «дөңгелек үстел» үлгісінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің өкілдері, жоба тобының мүшелері және тәуелсіз сарапшы мамандардың қатысуымен «Тіл орталықтарын аккредиттеу бойынша құжаттар пакетін сараптау және талқылау» мәжілісі өтті. Жалпы алғанда, сарапшылар Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасын әзірлеу» жобасы аясында атқарылған жұмысқа жоғары баға берді. Сарапшлар жоба аясында әзірлеген құжаттардың жоғары кәсіби деңгейін және оның әдіснаманы әзірлеудегі талаптарға сәйкес келетіндігін, ішкі логикалық бірізділікпен, жүйелілікпен, тұтастықпен сипатталатындығын, аккредиттеу рәсімдерін әдістемелік қамтамасыз етуге бағыттылғандығын атап өтіп, тіл орталықтарын аккредиттеу үдерісіне пайдалануға ұсынды.

13.11.2013 «Мегаполистегі конгресстік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербургтың ЕХРО-2017 қатысуы» атты дөңгелек үстел

«Іскер» бизнес академиясы басшылығы Астанада Санкт-Петербург күндер бағдарламасы аясында «Мегаполистегі конгресстік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербургтың ЕХРО-2017 қатысуы» атты дөңгелек үстелге қатысып, «Көрме менеджменті» бағдарламасын Қазақстанда ендіру» , «Ағылшын тілін үйренудегі тіл стратегиясы бойынша Концепция» тақырыпта баяндама жасады.

11.11.2013 «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдістемесін әзірлеу» апробациясы

               «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасын әзірлеу» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің өкілдері және жоба тобының мүшелері Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасына апробация жүргізу жұмыстарын бастады. Апробация төменде көрсетілген Тіл орталықтарында жүргізіледі:  
- Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» МКҚК (Өскемен қ.);
- Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК (Тараз қ.);
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік тілді оқыту Орталығы» КМҚК (Петропавловск қ.);
- Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облысының оқыту-әдістемелік орталығы» КММ (Көкшетау қ.)
- Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы» КМКҚ (Қарағанды қ.)
 

08.11.2013 Көкшетау қаласындағы кезекті отырысқа қатысу

Қазақстан республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын” жүзеге асырудағы мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда және құқықтық мәдениет деңгейін ары қарай жоғарлату, құқықты анықтайтын жұмыстардың әдістері мен үлгілерін жетілдіру, азаматтарды еңбек заңнамасының негіздерін оқытудың тиімділігін жоғарлату мақсатында Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастар бойынша облыс комиссиясының кезекті отырысы өтті.
«Іскер» бизнес академиясының басшылығы отырысқа қатысып, Ақмола облысының азаматтарына еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру сұрақтар бойынша сөз сөйледі.

31.10.2013 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Құрметті әріптестер!

«Тіл орталықтарын аккредиттеу: бүгіні мен келешегі» атты семинарға тіркеу жүргізуі жалғасуда. Семинарға қатысу өтінімі 2013 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. 

28.10.2013 «Тіл орталықтарын аккредиттеу ерекшеліктері» семинар-тренингі

           «Іскер» бизнес академиясы 2013 жылдың 28 қазанынан бастап «Тіл орталықтарын аккредиттеу ерекшеліктері» тақырыбына семинар-тренингін өткізуде. 
Семинардың мақсаты:
• Менеджмент жөнінде түсінік қалыптастыру
• Стратегиялық талдау құралдарымен таныстыру
• Стратегиялық менеджменттің қызметін дамыту
• Ұйымның міндеттері мен көрінуін әзірлеуге көмек беру
• Өз ұйымдары мен бөліністеріне арналған стратегиялық жоспарды жасауға көмек беру
• Қолданыстағы стратегиялық басымдылықтарды нығайту және жаңаларын құру
• Қажетті құжаттар тізімі түсінігін қалыптастыру
• Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұралымын дамыту міндетіне сәйкес Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі тіл оқыту орталықтарының аккредиттелген жүйесін құру үшін «Тіл оқыту орталықтарын аккредиттеу жүйесі» әдіснамасының жобасы аясында әзірленген тіл оқыту орталықтарын аккредиттеу барысындағы «Оқу үдерісін ұйымдастыру» стандартының жобасын талдау.
              Қазақстан Республикасы өңірлерінде орналасқан тілді оқыту орталықтарының басшылары, оқытушылары, әдіскерлері, облыстық, қалалық тілдерді дамыту басқармаларының сарапшылары, білім саласының сарапшылары
семинарға қатысады.

22.10.2013 Аудит қорытындысы бойынша дөңгелек үстел

2013 жылдың 22 қыркүйегінде «Іскер» бизнес академиясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері және жоба тобының мүшелерімен Қазақстан аумақтары бойынша 13 тіл орталығында өткізілген аудит қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

07.10.2013 Аудит өткізу

Бүгін «Іскер» бизнес академиясының директоры А.Б.Бекенованың басшылығымен тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдістемесін әзірлеу қызметін орындау барысында орталықтарда аудит жүргізу жұмысы басталды.
Аудит жүргізу мақсаты: оқыту орталықтарының жалпы жұмысын талдау және зерттеу, оқытушыларының және жағдайының сапасын анықтау.

27.09.2013 Келісім-шартқа қол қою

Барлық жәрмеңке индустриясының мамандарын Академия, UFI – Жәрмеңке индустриясының бүкіләлемдік Ассоциациясы (Франция) және Бірлесіп Оқыту Университеті жанындағы Steinbeis Transfer Center Exhibition, Convention and Event Management (Германия) арасындағы 2014 жылы Астана қаласы Академия базасында жәрмеңке менеджменті деңгейін алудың оқу бағдарламасын (EMD – Exhibition Management Degree) өткізу бойынша келісім-шартқа қол қойылғанымен шын жүректен құттықтаймыз ! 

20.09.2013 Қазақстан халықтары тілдерінің күні!

Құрметті әріптестер!

Шын жүректен Қазақстан халықтары тілдерінің күні мерекесімен құттықтаймын!
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Сондықтан тілдерге деген құрмет, ана тілінде білім алу үшін қажетті жағдайлар туғызу, ұлттық мәдениеттерді дамыту – Елбасымыз саясатының аса маңызды басымдықтарының бірі.
Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал етеді, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау жіп болып табылады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі табыстарға қол жеткізуіне тікелей әсер етеді.
Бұл күні сіздерге зор бақыт, денсаулық, табыс, ырыс-береке, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген игі істеріңізге сәттілік тілеймін!

Құрметпен, А.Б.Бекенова
  «Іскер» бизнес академиясының басшысы

13.09.2013 «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы: тілдік құзыреттілік мәселелері» тақырыбында конференциясы

13.09.2013 жылы Астана қ. «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдіснамасы: тілдік құзыреттілік мәселелері» тақырыбында конференция өтті.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірілігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

04.09.2013 Дөңгелек үстел

2013 жылдың 4 қыркүйегінде «Iскер» Бизнес академиясында жоба командасыны мүшелері мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті өкілдері қатысқан Ұлыбритания еліне іссапар қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті.

29.08.2013 Құрметті қазақстандықтар!

Шын жүректен сіздерді ұлы мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз! Біздің еліміздің конституциясы - бүкілхалықтық референдумда азаматтардың тікелей ерікті жолымен қабылданып, қоғамның үдемелі дамуына жағдай туғызды. Мемлекетіміздің негізгі заңы- барлық жетістіктердің тірегі, барша қазақстандықтардың мүмкіншіліктерінің және тең құқықтарының кепілі болып табылады. Бұл күн - әр азамат үшін маңызды және ерекше мәнді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы-жоғары заңды күшке ие, құқықтық және саяси мәдениетіміздің деңгейін сипаттайды. Дәл осында демократиялық бастаулар негізінде қоғамдық қарым-қатынастың нормалары, тұтас мемлекеттің жұмыс істеуі және құрылым қағидаттары қаланған.
Мемлекетіміздің Елбасшысы көңіл аударғандай-«Біздің борышымыз-Конституцияға ұқыпты қарау, өз мемлекетімізді, өз тарихымызды қадірлесек, оны да солай қадірлеу». Тәуелсіз мемлекетіміздің шежіресінде Конституция Күнінің 18 жылдық мерекесін тойлау тағы бір жарқын, маңызды және есте қаларлық оқиға болуы тиіс.
Барлық Қазақстандықтарды құттықтай отырып сіздерге бақыт, бейбітшілік, жақсылық және береке, тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуде жетістіктерге жетуді тілейміз!

Академия директоры
А.Бекенова

24.07.2013 «Желілік кестені дайындау және талқылау» тақырыбы бойынша семинар

2013 жылдың 24 шілдесінде «Тіл орталықтарын аккредиттеу жүйесінің әдістемесін әзірлеу» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Желілік кестені дайындау және талқылау» тақырыбында 3 күндік семинар басталды.


Новости 1 - 20 из 25
Начало | Пред. | 1 2 | След. | Конец